bkogov.kz IT-технологиялар және инженерия саласында білікті, жоғары білікті мамандарды даярлау
Орал ақпараттық технологиялар колледжі
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасы
bkogov.kz
IT-технологиялар және инженерия саласында білікті, жоғары білікті мамандарды даярлау
AA+
Орал ақпараттық технологиялар колледжі
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасы
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Есептеу техникасыМеханикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және өнеркәсіптегі автоматика
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеуОқу-әдістемелік материалдар
Okulyk.kzҚР Білім және ғылым министрлігі
Көркем кітаптар 

Орал ақпараттық технологиялар колледжінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі кітапхана болып табылады, ол оқу үдерісін кітапханалық – ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және білім, мәдениет және рухани қарым-қатынас тарату орталығы болып табылады.
Кітапхана қоры-әмбебап. Ол ғылыми, оқу, анықтамалық әдебиеттерді, CD-ROM оқу басылымдарын, нормативтік құжаттарды, ақпараттық материалдарды, мерзімді басылымдарды, бейнефильмдерді, тіл білімі бойынша аудиоөнімдерді қамтиды. Электронды басылымдар қоры-300-ден астам.


Оқырмандарға қызмет көрсету үшін кітапханада компьютерлермен, көп функцональды басып шығару құрылғысымен, проектормен жабдықталған абонент залы жұмыс істейді.

Колледждің ақпараттандыру деңгейі кітапхана жұмысында және білім беру үдерісінде оқу ноутбуктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Студенттердің колледждің білім беру порталына оқу мақсатында өз бетімен шығу мүмкіндігі, мультимедиялық технологияларды, интерактивті білім беру бағдарламаларын пайдалану кітапхананың әлеуетін едәуір кеңейтеді. Кітапхана заманауи, жылдам, лазерлі сканермен, оқушылар үшін де, кітапхананың электрондық қорын толықтыру үшін де дайын электрондық кітапқа жылдам сканерлеу, тану және экспорттауды орындауға мүмкіндік беретін өзіндік бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. «Мобильді кітапхана» бұрышы бар. Электрондық үкімет қызметтерін egov.kz порталда алуға ыңғайлы болу үшін колледж оқушылары мен қызметкерлері өз-өзіне қызмет көрсету бұрышын ұйымдастырды.

Кітапхананың негізгі мақсаты – электронды, ақпараттық ресурстарды жинақтауды, сақтауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, кітапхана қорын молайту. Міндеттері: электрондық қорларды жинақтау, ақпараттық, білім беру және мәдени орталықтармен байланысты нығайту болып табылады.

Кітапхананың жұмыс тәртібі:

9.00-ден 18 00-ге дейін.
Түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Демалыс-сенбі, жексенбі.
Санитарлық күн-әр айдың 30 күні.

ОАТК кітапханасын пайдалану ережесі
Оқырмандар құқығы:

Негізгі кітапханалық-ақпараттық қызметтерді тегін пайдалану;
Кітапхана қорынан уақытша пайдалануға: кітаптар, мерзімді басылымдар алу;
Кітапты, ақпаратты, кітапхананы өз бетімен пайдалану дағдылары мен іскерліктерін меңгеруде консультациялық көмек алу;
Белгіленген тәртіппен әдебиетті пайдалану мерзімін ұзарту;
Электронды немесе қағаз түрінде ұсынылған каталогтарды пайдалана отырып, анықтамалық библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді пайдалану;
Кітапхана өткізетін іс-шараларға қатысу;
Кітаптың, баспа шығармаларының немесе басқа да құжаттардың құнды және жалғыз даналарын тек кітапхананың оқу залында пайдалануға;;
Кітапхана қызметкерлерінің құқықтарын шектейтін іс-әрекеттеріне шағым жасау.
Оқырмандар міндетті:

Кітапхана қорынан алынған кітаптарға, баспа туындыларына және басқа да материалдарға ұқыпты қарау;
Оларды белгіленген мерзімде қайтару;
Егер олар оқырман формулярына немесе басқа есеп құжаттарына жазылмаса, оларды кітапхананың оқу-залынан шығармау;
Оларға белгілер жасамау, астын сызу, беттерді жұлып алмау және бүктемеу;
Кітаптар, басқа да баспа туындылары мен құжаттар алған кезде оқырмандар оларды мұқият қарап, қандай да бір ақаулықтар анықталған жағдайда тиісті белгі жасайтын кітапхана қызметкеріне хабарлауы тиіс;
Әр оқу жылының соңында қолындағы барлық әдебиетті кітапханаға тапсыру;
Колледжді бітіргенде колледж кітапханасында кету парағына қол қою;
Кітаптар, басқа да баспа туындылары немесе басқа да құжаттар жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оқырман «Кітапхана ісі туралы» Заңға сәйкес колледждің есеп құжаттарында көрсетілген бастапқы құнынан 5 есе мөлшерде басылымның немесе басқа құжаттың құнын өтеуге міндетті.
Барлық оқытушылар, соның ішінде сағатпен жұмыс жасайтындар және қызметін қоса атқарушылар оқу жылы аяқталғаннан кейін кітапханада кету парағына қол қоюға міндетті.

Атауы Жүктеу
1 Азольский А. Диверсант.pdf
2 Брайан Трейси. Достижение максимума.pdf
3 Воронов В. Героями не рождаются.pdf
4 Литвак М. Если хочешь быть счастливым.pdf
5 Мельник С. Попаданец месть.pdf
6 Пушкин А.С. Капитанская дочка.pdf
7 Росоховатский И. Ученик.pdf
8 Шишков В. Угрюм-река.pdf
9 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары.doc
10 «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 2024-25 оқу жылында өткізетін көпшілік шаралары.docx
2/5